«Бешикташ» Түркия кубогының жартылай финалына шықты
Футбол
instagram.com/zainutdinov.fans
Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубы Түркия кубогының ширек финалында өз алаңында «Коньяспорды» 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Бешикташ» (Ыстамбұл, Түркия) – «Коньяспор» (Конья, Түркия) – 2:0
Голдар: Салих Учан 32, Дженк Тосун 58
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиёр Зайнутдинов бұл ойынды қосалқы құрамда отырып бастады. Алаңға тек 82-минутта шықты.
2023/24 25 жастағы жерлесіміз 33 матч өткізіп, бір гол соқты.
Енді Түркия кубогының жартылай финалында «Бешикташ» «Анкарагюджю» клубымен кездеседі.