Мессидің көрегендігі көпшілікті таңғалдырды

«Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тағы да интернетте жұлдызға айналды, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Лос-Анджелес Гэлаксимен» өткен ойында аргентиналық 92-минутта есепті теңестіріп қана қоймай, қақпашы Дрейк Каллендерге көмегін тигізді. Месси «Барселонадағы» бұрынғы әріптесі Рикардо Пучидің қай бұрышқа тебетінін көрсетті. Нәтижесінде «Интер Майами» қақпашысы Лионель көрсеткен бұрышқа секіріп, допты қайтарды.

Видеодан Мессиге қарсылас команданың ойыншысы келіп, тәнті болғанын жеткізгенін көруге болады.

Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Енді «Интер Майами» еншісінде екі ойыннан соң төрт ұпай бар.