Танымал биатлоншы карьерасын аяқтайды

Танымал биатлоншы карьерасын аяқтайды
Қысқы спорт

© Kevin Voigt / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы неміс Бенедикт Долль кәсіби карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Канаданың Кэнмор қаласындағы Әлем кубогының тоғызыншы кезеңі 33 жастағы биатлоншы үшін соңғы жарыс болмақ. Бұл турнир 14-17 наурыз аралығында өтеді.

Жарысқа 100 пайыз дайындалуға күшім жетпейтінін түсінген бойда өзіме: «Болды, жетер» деп, карьерамды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Тағы бір себеп – отбасыммен көбірек уақыт өткізу. Биатлоншылар әдетте жарты жылды сыртта өткізеді. Одан қалды жаңа іспен айналысып көргім келеді, - деді Долль Халықаралық биатлоншылар одағына берген сұхбатында.

Долль 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарында екі қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ ол әлем біріншілігінде топ жарған және Әлем кубогы кезеңдерінде екі рет үздік шыққан.