Астанада тағы бір стадион салынатын болды

Астанада тағы бір стадион салынатын болды
Футбол

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадион бұзылып, қала әкімдігі оның орнына жаңасын салмақшы, деп хабарлайды BasSport.kz.

Нысанның төбесі жабық болады деп хабарлады қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері. Белгілі болғандай, ескі стадионның жанкүйерлер отыратын бөлігі құлауға жақын тұр.

Осыған байланысты жөндеу жұмыстарының орнына нысанды толықтай сүріп, орнына жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Төбесі жабық нысан салу шешімі қабылданды, қазір жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Стадион небәрі 4500 орынға шақталған. Ал, жасыл алаңның аумағы UEFA-ның үшінші категориясына сәйкестендіріледі.