Обамеянг Еуропа лигасының рекордын жаңартты

Обамеянг Еуропа лигасының рекордын жаңартты
Футбол

© DeFodi Images / Contributor / DeFodi Images / Gettyimages.ru

«Марсель» шабуылшысы Пьер Эмерик Обамеянг Еуропа лигасының тарихында үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бейсінбі күні Обамеянг Еуропа лигасының плей-офф раундының қарымта матчында «Шахтер» қақпасына гол соқты (3:1). Осылайша футболшы турнир аясында 31-голды өз атына жазды.

Обамеянг еншісінде 30 голы бар Радамель Фалькаоны басып озды.

Үшінші және төртінші орындарда Ариц Адурис пен Ромелу Лукаку (26 голдан) тұр.