Қазақстандық каратеші Кипрдегі турнирде жүлде еншіледі

Қазақстандық каратеші Кипрдегі турнирде жүлде еншіледі
Жекпе-жек

Туризм және спорт комитеті

Кипр елінің Ларнака қаласында WKF каратеден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта кумитеден сынға түскен Нұрбек қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта Түркия өкілі Мерт Халичи жеңімпаз атанса, күміс колумбиялық Фореро Хуан Давидке бұйырды. Тағы бір қоланы иорданиялық Омар Шакрах қанжығасына байлады.

Жарысқа 83 елден 1000 спортшы қатысты. Бұл додада ел намысын 15 спортшы қорғады.