Конор Макгрегор UFC-ге орала ма? Дана Уайт жауап берді

Конор Макгрегор UFC-ге орала ма? Дана Уайт жауап берді
Жекпе-жек

championat.com

UFC президенті Дана Уайт екі салмақ дәрежесінде экс-әлем чемпионы Конор Макгрегордің оралуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Конор UFC-де төбелесе ме, төбелеспей ме, ол жағын білмеймін. Конордың ақшасы көп. Егер оралса, қуанамыз. Бірақ ақша көп нәрсені қиындатады. Ол жақында ғана фильмге түсті. Ол өз-өзін дамытумен айналысады. Ол биыл шынымен де төбелескісі келеді, бірақ қалай боларын уақыт көрсетеді, - деді Дана.

Бұған дейін ирландиялық 2021 жылғы жазда төбелесіп, Дастин Порьеден ұтылған болатын. Қазір Конордың жасы 35-те.