Қазақстан Ресеймен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін - Адиев
Футбол
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресеймен жолдастық кездесудің ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан мен Ресей арасында жолдастық кездесу өтуі мүмкін, мұндай әңгімелер болған. Футбол федерациясының өкілдерінен белгілі бір адамдардың ойы болғаны туралы естідім. Бірақ бәрі біз ойлағандай оңай емес, себебі біздің FIFA кестесіне сай өз ойындарымыз бар. Басқа құрамамен матч өткізер алдында федерациямен ақылдасамыз, олар - қаржы жағын, мен бапкер ретінде ойымды айтамын. Соңғы шешімді Қазақстан футбол федерациясының басшылығы қабылдайды, - деді Адиев.