Жозе Моуринью болашағы жайлы сауалға жауап берді
Футбол
©instagram.com/josemourinho
Португалиялық бапкер Жозе Моуринью болашаққа жоспарын бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Болашақ дейсіз бе? Білмеймін. Бір жылға үзілімс алатын адамдарды түсінбеймін. Ештеңе істемеу дегенді ұнатпайпын. Өзімнің айналысатын ісім өзіме ұнайды. Қазір өзіме ыңғайлы нұсқаны табу үшін уақытым бар, - деді Моуринью тілші Джанлука Ди Марциоға берген сұхбатында.
Португалдың соңғы клубы – «Рома». 2021 жылдан бері тізгінін ұстаған Италия клубынан ол 2024 жылғы қаңтарда кетті. Моуринью «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Реал», «Интер», «Порту», «Лейрию» және «Бенфика» секілді клубтарды баптаған.
Қазір Жозе Моуриньюді «Барселона» немесе «Манчестер Юнайтедтің» біріне барады деген сыбыс бар.