«Қайрат» «Ростовты» жеңді

«Қайрат» «Ростовты» жеңді
Футбол

©instagram.com/jpaullo

«Қайрат» футболшылары Ресей премьер-лигасының Қысқы кубогында «Ростовты» жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу Абу-Дабидегі (БАӘ) «Әл-Нахайян» стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Жоао Пауло (30-минут) мен Гиорги Зария (64-минут) мергендік танытса, ресейліктер қатарынан Николай Комличенко (90+5-я) көзге түсті.

Қазіргі уақытта турнирлік кесте мынадай: «Ростов» - 6 ұпай (үш ойын), «Спартак» - 3 (екі ойын), «Қайрат» - 3 (екі ойын) және «Шабаб Әл-Ахли» - 3 (үш ойын).

14 ақпанда «Қайрат» Мәскеудің «Спартак» клубымен ойнайды.