Индонезияда футболшы жай түсіп қайтыс болды
Футбол
Pixabay
- Инонезияның Бандунг қаласында футболшы найзағай түсіп көз жұмды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қайғылы оқиға 10 ақпанында «Силиванги» стадионында жолдастық матч кезінде болған. Найзағай ойынның 15-минутында футболшының үстіне түскен. «Персикас Субанга» ойыншысы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер футболшыны аман алып қала алмады.
«Силиванги» стадионында бұған дейін де жай түсу оқиғалары тіркелген екен.