«Ордабасы» «Реал» қақпасына гол соққан футболшыны қатарына қосты

«Ордабасы» «Реал» қақпасына гол соққан футболшыны қатарына қосты
Футбол

instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттің «Ордабасы» клубы 26 жастағы өзбекстандық футболшыны қатарына қосқанын рәсми мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасур Яхшибоев біздің клубпен келісімшартқа отырды. Жасур бұған дейін «Пахтакор», АГМК, «Энергетик БГУ», «Шахтер» Солигорск, «Легия», «Шериф», «Навбахор» командаларында ойнаған, - делінген мәліметте.

Жасур Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау тәжірибесі бар. Сонымен қатар Жасур Яхшибоев Молдова, Беларусь және Польша чемпионы атанған.

2021 жылғы ақпанда Варшаваның «Легия» клубы Яхшибоевті «Пахтакордан» 300 мың еуроға сатып алған, ал маусым соңында оны Тираспольдің «Шериф» клубына жалға берді. Молдовалық клубпен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде жеңіліс тапқанымен, көпшілік оны Мадридтің «Реалына» соққан голын жақсы біледі.

Сонымен қатар ол Өзбекстан құрамасында 10 ойында екі гол соққан.