Гвардиола Клопптың қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді

Гвардиола Клопптың қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді
Футбол

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Юрген Клопптың маусым соңында «Ливерпульден» кететіні туралы ақпаратқа қатысты ой білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Таңғалғаным рас, ол керемет бапкер. Жақын таныс емеспіз, бірақ соның өзінде жақсы адам екені көрініп тұрады. Өз басым сағынатын боламын. Бәрі жақсы болсын деп тілеймін. Бір клубта ұзақ жылдар бойы жұмыс істесең, шаршағаныңды сезе бастайсың. Сондықтан мен оны түсінемін. «Барселонада» осындай күйді бастан кештім, — деді Гвардиола BBC-ге берген сұхбатында.

26 қаңтар күні Клопп маусым соңында «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді. Тілші Николо Скираның мәліметінше, бұл орынға басты үміткер – «Байердің» бас бапкері Хаби Алонсо.