"Атлетико Мадрид" жеті жылда алғаш рет Кубоктың жартылай финалына шықты

Футбол

Mateo Villalba/Getty Images

"Атлетико Мадрид" соңғы жеті жылда алғаш рет Испания кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

"Атлетико Мадрид" өзінің "Метрополитано" алаңында "Севильяны" қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс мадридтіктердің жартылай финалға өтуіне мүмкіндік берді.

Командаға жеңісті Мемфис Депайдың екінші таймның 79-минутында соққан голы сыйлады. Бірінші таймның 26-минутында Антуан Гризман пенальтиді жүзеге асыра алмай қалған.

Диего Симеоне шәкірттері 2016/2017 жылғы маусымнан бері турнирдің жартылай финалында ойнамаған. "Атлетико Мадрид" Испания кубогын соңғы рет 2012/2013 жылғы маусымда жеңіп алды.