«Рома» бас бапкерінің есімін атады

«Рома» бас бапкерінің есімін атады
Футбол

Sportbox

Римнің «Рома» клубы өзінің ресми парақшасында Даниэле Де Россидің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұған дейін бұл лауазымды атқарып келген португалиялық маман Жозе Моуринью қызметінен босатылған еді.

«Рома» Де Россимен 2024 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасасқан. Егер нәтиже жақсы болса, келісімшарт мерзімін ұзарту жағы да қарастырылған.

Де Росси «Рома» сапында 2002-2019 жылдар аралығында өнер көрсетті. Осы аралықта өзі қатысқан 616 матчта 63 гол соғып, 60 нәтижелі пас берді.

«Рома» жанкүйерлері Де Россиді Франческо Тотти секілді клубтың аңызы санайды.

Рим клубы А сериясындағы 20 турдан кейін 29 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.