Шавкат Рахмоновтың жауабы көпшілікті таңғалдырды

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (18-0) Nina Drama YouTube-арнасына сұхбат беріп, бірқатар ерекше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Cұхбат барысында сұхбат алушы Шавкаттан ұшағы апатқа ұшырап, командасымен адам аяғы баспаған аралға тап болған жағдайда не істейтінін сұрады. Аш қалмас үшін еттен бас тартушы ма едің, әлде қасыңдағы әріптестеріңнің бірін жеуші ме едің?» деген сауал қойылды.

Шавкат әзілдеп: «Каннибализм», - деп жауап берді.

Сонымен қатар Рахмонов өзінің сүйікті киносы, домбыра мен мінезі жайлы айтып берді.

Айта кетейік, өткен аптада Рахмонов Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) қылқындыру әдісімен жеңді. Қазір ол жартылай орта салмақта рейтингте үшінші орында тұр.