Рахмонов Головкинмен таныстығы жайлы айтты

Рахмонов Головкинмен таныстығы жайлы айтты
Жекпе-жек

©Instagram/shavkatrakhmonov94/

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) отандасы Геннадий Головинкге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.
 Шавкат ММА-де өз атын қалдыруға ниетті екенін алға тартты.

– Қазақстандағы жекпе-жек жайлы сөз қозғалғанда, сен және Головкин туралы айтылады. GGG секілді өз ізіңді қалдыра аламын деп ойлайсың ба?

– Иә, алдыма осындай биік мақсат пен тапсырмай қойдым. Мен ММА-мен, ал Головкин бокспен айналысады. Меніңше, екеуміз де серік еткен спортымызда атымызды қалдырамыз.

– Жақында Головкинмен кездестіңіз. Кездесу қалай өтті?

– Бұл біздің алғаш рет кездесуіміз. Таныстық, аздап сөйлестік.

Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов пен Головкин қыркүйекте Астанада өткен Қазақстан құрамасының матчын бірге тамашалады.