EURO-2024: Англия Швейцариядан басым түсті

EURO-2024: Англия Швейцариядан басым түсті
Футбол

Sportbox

Англия құрамасы Швейцариямен ойында негізгі кезеңде жеңіске жете алмады. Кездесудің 75-минутында Брил Эмболо есеп ашып, швейцариялықтарға қуаныш сыйлады. Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмады. 80-минутта англиялық ойыншы Букайо Сака таразы басын теңестірді. Тартысқа толы өткен ойын қосымша кезеңге ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальтилер сериясында Саутгейт футболшыларының мерейі үстем болды.