Дмитрий Попко Брашов челленджер турнирінің жартылай финалына шықты

Дмитрий Попко Брашов челленджер турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис

Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Брашов (Румыния) челленджер турнирінде камбэк жасап, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Румыниялық теннисші Филип Кристиан Жиянумен өткен кездесуде Попко бірінші партияда 6:1 есебімен жеңіліп қалды. Екінші және үшінші сетте Дмитрий 7:5, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Отандасымыз жартылай финалда америкалық теннисші Николас Морено Де Альборанмен кім мықтыны анықтайды.