Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші айқасында жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші айқасында жеңіске жетті
Жекпе-жек

Sports.kz

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (19-2) UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін америкалық Хосе Джонсонға қарсы өткізді, деп хабарлайды  BasSport.kz. 

Отандасымыз қарсыласын үш раунд қорытындысы бойынша жеңді.

Кездесу аяқталысымен Асу төртінші жеңіл салмақтағы Жаңа Зеландия өкілі Кай Кара-Францияға (24-11) үндеу жасап, оны айқасқа шақырды.

Айта кетейік, Алмабаев алдыңғы екі жекпе-жегінде де қарсыластарынан басым түскен болатын. Атап айтқанда, Ауди Осборнды (12-7) мерзімінен бұрын, Си Джей Вергараны (12-5-1) төрешілер шешімімен жеңді.