EURO-2024: Испания құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалына шықты

EURO-2024: Испания құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалына шықты
Футбол

Әлеуметтік желіден алынды

Еуропа чемпионатында Испания құрамасы турнир иелерін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойындағы алғашқы голды 51-минутта испаниялық Дани Ольмо соқты. Германия құрамасы есепті 89-минутта теңестірді. Гол авторы - Флориан Вирц. 

Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, матч овертаймға ұласты. Жанкүйерлер пенальтилер сериясын көреміз отырғанда испаниялық Микель Мерин 119-минутта жеңіс голын соқты. Осылайша Испания қарсыласынан 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.