Шавкат Рахмонов жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа аттанды

Шавкат Рахмонов жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа аттанды
Жекпе-жек

instagram.com/darteam.kazakhstan

UFC-дегі орта салмақ өкілі қазақстандық Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа аттанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жерлісіміз америкалық Стивен Томпсонмен өзара кім мықтыны анықтайды. Бұл туралы Шавкаттың Dar Pro Team командасы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Вегасқа аттанып барамыз. Dar Pro Team командасының спортшысы Шавкат Рахмонов оқу-жатты жиындарын аяқтап, UFC 296 турниріне қатысу үшін Лас-Вегасқа жол жүріп барады. Шавкатқа жеңіс тілейік, – делінген мәліметте.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов – Стивен Томпсон айқасы 17 желтоқсан күні өтеді.