Шавкат Рахмоновтың қарсыласы батыл мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы батыл мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

©UFC

Америкалық файтер Стивен Томпсон қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы өтетін жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Әлемдегі ең танымал промоушен – UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов 16 желтоқсан күні америкалық Стивен Томпсонмен кездесу өткізеді. Америкалық файтер осы жекпе-жек алдында батыл мәлімдеме жасады.

Шавкат мен сияқты мықты файтерлермен жұдырықтасқан жоқ. Мен оны оңай жеңемін, әрі қарай титулдық кездесу өткіземін. Сондықтан 16 желтоқсан күні аренаға келіңіздер. Төрешінің менің қолымды көтергенін көріңіздер, – деді Стивен Томпсон.