Шавкат Рахмонов Қазақстандағы танымалдылығы жайлы айтты

Шавкат Рахмонов Қазақстандағы танымалдылығы жайлы айтты
Жекпе-жек

sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Morning Kombat Youtube-арнасына берген сұхбатында танымалдылығына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

– Көшеде жүргенде сені танып жата ма?

– Иә, үнемі танып жатады. Барлық жерде.

– Бұған қалай қарайсың? Өмірің өзгерген шығар?

– Әрине, өмірім қатты өзгерді, бірақ мен сол баяғы қарапайым жігітпін. Дегенмен көшеде маған назар аударатындар көп. Мұндайда өзімді ыңғайсыз сезінемін. Бұл да ойынның бір бөлігі екенін түсінемін.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін америкалық Стивен Томпсонға (17-6-1) қарсы өткізеді. Бұл айқас 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.