Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Астанада 22 жасқа дейінгі және жастар арасындағы ASBC Азия чемпионаты басталды. «Beeline Arena» спорт кешеніндегі құрлықтық дода 7 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bassport.kz.
Біріншілікке Азияның 26 мемлекетінен 500 боксшы қатысуда. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады.
U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):
Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі. 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.
Қыздар: – 45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.
Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):
Ержеткендер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.
Бойжеткендер: – 46-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.
"Азия чемпионаты сынды жарысты елімізде өткізу Отандық спорттың дамуына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан осы шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқандарға және бізге сенім білдірген халықаралық ұйымдарға алғыс білдіремін", - деді ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп:
"Соңғы жарты жылда екі рет Азия чемпионатын өткізу оңай емес. Сондықтан осындай ерлік танытқан Қазақстанға алғыс білдіремін! Біз үшін Қазақстанға келу үлкен құрмет” - деп алғысын білдірді Азия бокс федерациясының вице-президенті Әли Саламе.
Азия чемпионаты жастар арасындағы сыннан басталды. Қазақстан сапына рингке шыққан барлық боксшы жеңіске жетті.
Олар: Нұрасыл Төлебек (54 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Алексей Хаванцев (60 кг).
Азия біріншілігі ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласы әкімдігі және Sport qory қолдауымен өтуде.