«Енді «Қайрат» клубының жұмысы жанданады»: комментатор Қайрат Боранбаевтың бостандыққа шығуы туралы
Футбол
smi24.kz
Бүгін, 6 қараша күні, «Қайрат» футбол клубының директоры, кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Алты жылға сотталған Қайрат Боранбаевтың жазасы өзгертіліп, бас бостандығын айыру жазасы шектеу шарасына ауыстырылған. Енді ол тұрғылықты жері бойынша жазасын өтейді және оған пробациялық бақылау белгіленді.
Отандық комментатор Ермұхамед Мәулен енді Алматының «Қайрат» клубының жағдайы жақсара түседі деп отыр.
Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты деген хабар тарады. Ол кісінің жазасы жеңілдетілді. Одан қалды ол тергеу кезінде бір жарым жылын абақтыда өткізіп, оның әрбір күні 1,5 күн болып есептелді. Енді «Қайрат» клубы дамып, академия жұмысы жанданады деген сөз. Менің ойымша, бұл қазақ футболына пайдалы, - деді Мәулен.