Финляндия құрамасының бас бапкерін қызметінен кетіру ұсынылды
Футбол
Football-Fun-Live.com
Фин журналисі Карри Кованен Еуро-2024 іріктеу матчында Қазақстаннан жеңілген Финляндия құрамасының бас бапкерін ауыстыру керек деп санайды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Кеше ғана Маркку Канерва шәкірттері өз алаңында Магомед Алиевтің командасынан 1:2 есебімен жеңіліп, Еуропа чемпионатына тікелей іріктеу кезеңінен өту мүмкіндігінен айырылды. Мен «Риваның» еңбегін жоққа шығармаймын (Канерваның лақап аты – ред.), ол тарихта керемет із қалдырды, бірақ қазір өзгеріс енгізетін уақыт келді. Финляндия іріктеу кезеңінде әлсіз болды. Ұлттар лигасында тағы мүмкіндікті мүлт жіберіп алмас үшін ойлануға уақыт бар, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.