«Қайрат» өз алаңында «Зенитпен» тең түсті
«Қайрат» ФК баспасөз қызметі
Бүгін Алматыда жергілікті «Қайрат» клубы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубын қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Матчты 20 500 көрермен тамашалады. Ойын есебін 8-минутта ҚПЛ сұрмергені, «Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло ашты. Алайда 29-минутта қонақтар сапынан Александр Ерохин есепті теңестірді. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.
Үзілістен соң «Зенит» өзінің бразилиялық ойыншыларын алаңға шығарып, шабуылды үдетті. Дегенмен екінші таймдағы алғашқы голды да «Қайрат» соқты. 70-минутта Офри Арад командасын алға шығарды.
Ал 85-минутта «Зениттен» Густаво Мантуан алматылық клуб қақпасын дәл көздеп, таразы басын теңестірді – 2:2.
Бұл кездесуге ресейлік клуб ойыншысы Нұралы Әліп қатысқан жоқ, себебі ол ұлттық құрамамен Данияда жүр.