Шавкат Рахмонов UFC-де чемпион атағы үшін қашан жекпе-жек өткізетінін айтты

Шавкат Рахмонов UFC-де чемпион атағы үшін қашан жекпе-жек өткізетінін айтты
Жекпе-жек

Спорт-Экспресс

Жартылай орта салмақта UFC-де алтыншы орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов Игорь Лазоринге берген сұхбатында лигада қашан титулдық жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

- Менеджерің Саят Әбдірахмановпен келесі жылы титулға таласу туралы мақсат қойған шығарсыңдар?
- Әрине, Алла қаласа, келесі жылы төбелескіміз келеді. Егер ойымыз жүзеге асса, жақсы болар еді. Күтіп отырмыз. Бастысы, жекпе-жекте жеңіске жету керек.

Шавкат Рахмонов октагонға 16 желтоқсанда оралады деген болжам бар. Лас-Вегаста өтетін айқаста ол тәжірибелі америкалық Стивен Томпсонмен өзара кім мықтыны анықтайды.