Еуро-2024: көрерменді тартысты ойындар күтіп тұр

Еуро-2024: көрерменді тартысты ойындар күтіп тұр
Футбол

Спорт-Экспресс

Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысының кезекті тур ойындары басталады, деп хабарлайды BasSport.kz.

12 қазанда А, D, E, I топтарының қатысушылары өзара кім мықтыны анықтайды. А тобында Испания мен Шотландия құрамалары арасында тартысты кездесу күтіп тұр. Себебі екі құрама да А тобында көш басында келеді.

Әзірге 15 ұпаймен Шотландия бірінші орында тұрса, Испания 9 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Аталған ойын 12 қазаннан 13-іне қараған түні сағат 00:35-те «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ бұл топта Кипр мен Норвегия кездесуі болады.

Ал D тобында Хорватия мен Түркия («Qazsport». 00:35), Латвия мен Армения, E тобында Фарер аралдары мен Польша, Албания мен Чехия шеберлік байқасады.

I тобында Андорра мен Косово, Беларусь пен Румыния, Израиль мен Швейцария ойнайды.