Тайсон Фьюридің әкесі тікелей эфирде блогерге бөтелке лақтырды
Жекпе-жек
Әлем чемпионы Тайсон Фьюридің әкесі Джон Фьюри ұлының тарапына айтылған сынға ашуланып, тікелей эфирде дау шығарды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Келеңсіз жайт кәсіпқой боксшы Томми Фьюридің жекпе-жекке дайындығы аясында өткен ашық жаттығуы аясында болды. Ресми іс-шара кезінде KSI лақап атымен танымал YouTube-блогер Оладжиде Олайинки Уильямс Олатунжи Томмиге тілшілер қойған сауалдарға жауап беруге кедергі келтіре берді, блогердің бұл әрекеті былғары қолғап шеберінің әкесінің ашуын тудырғаны анық.
Джон KSI-ге қарай пластик бөтелке лақтырған, сонан соң екеуі сөзге келіп қалған.