UFC: Хамзат Чимаевтың қарсыласы ауысты

UFC: Хамзат Чимаевтың қарсыласы ауысты
Жекпе-жек

Спорт-Экспресс

Жақында ғана БАӘ азаматтығын алған файтер Хамзат Чимаев Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде жартылай орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион америкалық Камару Усманмен кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді. Чимаев аталған турнирде Пауло Костамен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ бразилиялық файтер жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Камару Усман мен Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жек UFC 294 турнирінің екінші негізгі кездесуі болады.

Ал кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев пен Александр Волкановски чемпиондық белдікті сарапқа салады.

36 жастағы Камару Усман ММА спортында октагонға 23 рет шығып, 20 жеңіс пен 3 жеңіліс тапқан. Ал Чимаев 12 жекпе-жекте 12 рет жеңіске жетті.

UFC 294 турнирі 21 қазан күні Абу-Дабиде өтеді.