Еуро-2024: Дания мен Қазақстан матчының төрешілері анықталды

Еуро-2024: Дания мен Қазақстан матчының төрешілері анықталды
Футбол

Дания мен Қазақстан құрамалары арасындағы Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчына тағайындалған төрешілер бригадасының құрамы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесудің барлық төрешісі Англиядан. Бас төреші – Майкл Оливер, оның көмекшілері Стюарт Бэрт пен Ли Беттс, төртінші төреші Эндрю Мадли болады.

Дания-Қазақстан матчы Копенгагенде 14-15 қазанға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. Алты турдан кейін даниялықтар H тобында 13 ұпаймен екінші орында келеді, ал Қазақстан төртінші орында тұр: Магомед Адиевтің шәкірттерінде 12 ұпай бар.