Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек уақытын жариялады

Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек уақытын жариялады
Жекпе-жек

Sports.ru

UFC-дің бұрынғы жауынгері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов жақын арада жекпе-жек өткізетіні және алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Бұл туралы Legalbet.kz-ке сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

2 желтоқсанға келістік, Астана. «Барыс Арена». Қарсыласқа қатысты айтар болсам, әлі табылған жоқ. Көбісі менімен айқасқа шығудан бас тартады. Бірақ күні нақты - 2 желтоқсан. Naiza FC-мен келісімшартқа келер болсақ, алдымен қарсылас табылсын. Қазір олар маған қандай келісімшарт жібереді? Тек бір жекпе-жекке келістік. Қалай болғанда да, сол жақта бір жекпе-жек өткіземін. Айтпақшы, мен американдық визаны он жылға алдым. Сондықтан Американы жаулап алуға барымды саламын, ИншАллах, - деді Жұмағұлов Legalbet.kz-ке берген сұхбатында.

2023 жылдың шілдесінде қазақстандық UFC ростерінен шығарылды.