Жағажай волейболынан қола жүлде түсті

Жағажай волейболынан қола жүлде түсті
Азиада 2023
Волейбол

Нұрғали Жұмағазы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Қазақстан үшінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ел намысын қорғаған Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы қола жүлде үшін тартысты ойында Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб/Аббас Поурасгариден басым түсті. Мәселе екі партияда шешілді. Қорытынды есеп - 2:0 (25:23, 30:28).

Қазіргі кезде Қазақстанда үш алтын, үш күміс 14 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 9-орындамыз.