Президент спортты дамыту үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды

Ақорда
Мемлекет басшысы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.
Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.