Қазақстан Азия пара ойындарын 41 медальмен аяқтады

Қазақстан Азия пара ойындарын 41 медальмен аяқтады
Азиада 2023

Қазақстандық соңғы параспортшы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Параойындарда еліміздің атынан пауэрлифтер Ғани Исентемиров соңғы болып жарыс алаңына шығып, +107 кг салмақта бақ сынады. Ол соңғы - алтыншы орынды иеленді. 

Осылайша Қазақстан құрамасы ойындарды 41 медальмен аяқтады: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. 

Қазақстан атынан Қытайға 131 спортшы аттанып, олар спорттың 14 түрінен бақ сынады.

2018 жылы Джакартадағы пара ойындарда еліміз 33 медаль алған: 5 алтын, 15 күміс жәнк 13 қола.