«Ордабасының» бас бапкері отанына оралуы мүмкін
Футбол
©instagram.com/fc__ordabasy
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев отанына оралуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
Инсайдер Владислав Татурдың айтуынша, Седнев Бресттің «Динамо» клубына бас бапкер болуға үміткерлердің ішінде көш басында тұр. Тараптар келіссөздер жүргізуде, алайда Седневтің Беларуське оралу ықтималдығы төмен көрінеді.
50 жастағы Седнев «Ордабасыны» 2021 жылдан бастап басқарады.
Қазақстанда ол бұған дейін «Ақтөбені» жаттықтырды.
«Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионатында 21 матчтан кейін 49 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.