Лионель Месси қай клубта ойнауды армандайтынын айтты

Лионель Месси қай клубта ойнауды армандайтынын айтты
Футбол

championat.com

«Интер Майами» командасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси «Ньюэллс Олд Бойз» сапында ойнауды армандайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Көптен бері жүзеге асырғым келіп жүрген, әсіресе әлем чемпионы болғаннан кейін. «Ньюэллс Олд Бойзда» ойнау арқылы Аргентина футболынан ләззат алғым келді, өйткені бала кезімде осы команданың алаңында өнер көрсеттім. Олардың қатарында ойнауды армандаймын, – дейді Месси Infobae-ге берген сұхбатында.

Жазғы трансфер терезесінде Лионель Месси еркін агент ретінде «Интер Майамиге» ауысті. Бұған дейін ол «Барселона» мен ПСЖ-да өнер көрсеткен.

36 жастағы футболшының американдық клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған. Осы маусымда Месси АҚШ-та 12 матч өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.