Макгрегор араға төрт жыл салып жекпе-жекке оралмақ

Жекпе-жек
UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, әйгілі ирландиялық файтер Конор Макгрегор жалаңқол төбелес ережелері бойынша өтетін BKFC ұйымындағы дебюттік жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ұйым президенті Дэвид Фельдманның айтуынша, Макгрегордың қарсыласы UFC-тің экс-жауынгерлері Джереми Стивенс пен Майк Перри арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болмақ.
– Бүгін Конор да бізбен бірге болуы керек еді, бірақ ол толықтай дайындыққа көңіл бөліп жатыр. Бұл — мен көрген ең мықты Конор. Ол бұрын-соңды болмағандай тыңғылықты жаттығуда. Стивенс пен Перридің жекпе-жегіндегі жеңімпаз оның келесі қарсыласына айналады, – деді Фельдман Нью-Джерсидегі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың 10 шілдесінде UFC 264 турнирінде Дастин Порьемен кездесіп, аяғын сындырып алғаннан кейін техникалық нокаутпен жеңілген еді.