Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қырғыз спортшысына есе жіберді

Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қырғыз спортшысына есе жіберді
Жекпе-жек

Instagram

Қазақстандық ММА жауынгері Дияр Нұрғожай (11-1) Қытайдың Шанхай қаласында өткен UFC Fight Night 257 турнирінде октагонға көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Нұрғожай бұл кеште Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасты. Айта кетейік, бұған дейін UFC-де Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары арасында жекпе-жек өткен емес.

Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта Сатыбалдиев қарсыласын жеңіп шықты.

Осылайша, қырғызстандық спортшы кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Дияр Нұрғожай үшін бұл кәсіби деңгейдегі екінші жеңіліс болды.

UFC көрсеткіштері бойынша, Сатыбалдиевтің рекорды енді 1-1, ал Нұрғожайдың статистикасы 0-2 болып өзгерді.