Хамзат Чимаев азаматтығын ауыстырды
©UFC
UFC-дің үздік спортшыларының бірі Хамзат Чимаев (12-0) бұдан былай БАӘ туының астында өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл туралы Швецияның SVT телеарнасына спортшының менеджері Маджди Шаммас мәлімдеді.
Белгілі болғандай, 29 жастағы шешен ұлтының өкілі жарыстарға енді Швецияның атынан қатыспайды. Ол бұл елге 16 жасында қоныс аударған болатын. Бұдан былай ол БАӘ азаматтығын алады.
Расталмаған дерек бойынша, бұған Чимаевтың Швеция билігінің саясатына қарсылығы себеп болуы мүмкін. Себебі осыдан бірер ай бұрын Стокгольм орталығында босқындардың бірі Құранды өртеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Чимаев өзінің келесі айқасын 21 қазанда БАӘ-де өткізеді. Абу-Дабидегі турнирде Бразилия өкілі Пауло Костамен (14-2) кездеседі.