Тайсон Фьюри өзін жеңе алатын жалғыз адамды атады

Тайсон Фьюри өзін жеңе алатын жалғыз адамды атады
Жекпе-жек

Спорт-Экспресс

Жеңілмеген британ боксшысы, WBC ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри өзінің ең қауіпті қарсыласы кім екенін алға тартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бірнеше жыл бұрын Фьюри психикалық аурудан, биполярлық бұзылудан зардап шекенін ашық айтты.

Мен үшін ең қауіпті қарсылас — өзім. Қай кезде де. Тайсон Фьюриді жеңе алатын жалғыз адам – өзі. Ақыл-ой. Менің ең қиын айқасым – менің психикалық күйіммен айқасым. Сен ешқашан бұл жекпе-жекте жеңе алмайсың. Менің психикалық денсаулықты бақылауға қатысты кеңестерім мынадай. Қысқа мерзімді мақсаттар қойыңыз, режим бойынша құрылымдық өмір салтын ұстаныңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жаттығу жасаңыз, бүгінмен өмір сүріңіз, дұрыс тамақтаныңыз, — деді Фьюри Out of Interest-ке берген сұхбатында.

28 қазанда Тайсон Фьюри Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) камерундық ММА жауынгері Фрэнсис Нганнуға қарсы жекпе-жегін өткізеді.