Месси қатыспаған ойында Аргентина рекорд орнатты

Месси қатыспаған ойында Аргентина рекорд орнатты
Футбол

©instagram.com/afaseleccion

Футболдан Аргентина құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирлері арасында жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл ӘЧ-2026 іріктеу аясында Боливияны жеңгеннен кейін (3:0) мүмкін болып отыр. Осылайша Лионель Скалони шәкірттері ӘЧ-ге іріктеудегі жеңіліссіз сериясын 23 ойынға жеткізді.

Оңтүстік Америкадағы рекорд Бразилияға тиесілі – жеңіліссіз 34 матч.

Ал әлем біріншілігіне іріктеудегі әлемдік рекордты Испания орнатқан – 1993 пен 2021 жылдар аралығында 66 ойынды жеңіліссіз аяқтаған.

Айта кетерлігі, Боливиямен кездесуге аргентиналықтардың көшбасшысы Лионель Месси қатысқан жоқ. Ол тіпті бастапқы тізімге енбеген.