Freedom QJ League бірінші турының матчтары өтпейді

Freedom QJ League бірінші турының матчтары өтпейді
Футбол

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Тараз қаласы әкімдігі, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкімі бойынша «Тараз» және «Астана» жасөспірімдер командалары арасындағы Freedom QJ League бірінші турының матчтары өтпейтін болды. Бұл туралы лига хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, лига билет сатудан түскен барлық қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударуды жоспарлаған болатын. Десе де, енді әкімшіліктің бұл ісінен кейін ақша ешкімге жіберілмейтін болды.