УЕФА Қазақстанның жеңісіне қатысты пікір білдірді

УЕФА Қазақстанның жеңісіне қатысты пікір білдірді
Футбол

ҚФФ

УЕФА-ның ресми сайты футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияны (1:0) жеңуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Максим Самородовтың әдемі соққысы Қазақстан құрамасына Солтүстік Ирландияны жеңуге мүмкіндік берді. Тағы бір сәтте қақпаға тура бағыт алған соққыны қайтарып қалды. Қазақстандықтар топтарында рекордтық 12 ұпайға қол жеткізіп, Еуро-2024-ке шығу үшін күресті жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Алты турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар Қазақстан құрамасы Н іріктеу тобында төртінші орында келеді. Бұған дейін отандық команда әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеуде 10 ұпайдан артық жинаған емес.