"Барыстың" экс-шабуылшысы "Авангардпен" келісімін бұзды
Хоккей
Астаналық "Барыстың" экс-шабуылшысы Корбэн Найт "Авангардпен" келісімшартын бұзды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Канадалық форвард "Авангардпен" 2024 жылға дейін жасалған келісімшартын бұзды. Metaratings жазуынша, хоккейшінің бұл ешешіміне омбылық клубтың бас бапкері Михаил Кравецпен келіспей қалуы себеп болған.
Оған қоса, Найт мансабын жалғастыратын жаңа клуб та тауып үлгерген. Ол швейцариялық "Берн" хоккей клубымен бір жылға келісімшарт жасасқан.
Еске салайық, Корбэн Найт өткен маусымда "Авангард" құрамында 58 ойынға қатысып, 34 (15+19) ұпай олжалаған еді. Ал плей-оффтың 10 матчында өз есебіне 10 (5+5) ұпай жазды.