Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Таиландта 18 жүлде жеңіп алды

Instagram/kcfkz
Велоспорттан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Таиландта өткен Track Asia Cup турнирінде 18 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
26-30 тамыз күндері аралығында өткен бәсекеде Таисия Титова 3 алтын, 1 күміс медаль олжалады. Ол омниумда, топтық жарыста, командалық спринтте және ұпай саны бойынша топтық сайыста алтын иеленді. Ал Алина Алесенко мен Диана Косолаповамен бірге өнер көрсеткен командалық спринтте екінші орын алды.
Алина Алесенко омниумда және жекелей жарыста, ұпай саны бойынша топтық жарыста қолаға қанағат қылды, ал скретчте екінші орынға табан тіреді. Ал Диана Косолапова кейрин мен 500 метрге гит жарысында күміс медаль иеленіп, спринтте қолаға қол жеткізді.
Ерлер арасында Ердәулет Егізбай топтық жарыста күміс алып, омниумда үздік үштікті түйіндеді. Данияр Шаяхметов жекелей спринт жарысында үшінші орын алып, 1000 метрге гит жарысында күміс жүлдегер атанды. Вяеслав Сичкарев ұпай саны бойынша топтық жарыста және скретчте екінші орын алды. Ал командалық спринтте Заманбек Қылышбеков, Максим Котляр мен Данияр Шаяхметов мәре сызығын екінші болып кесіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.