Жазғы Азиада: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы нешінші орында

Жазғы Азиада: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы нешінші орында
Басқа

Арлан Олжабай

Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Отандастарымыз 93 медаль жеңіп алды. Оның ішінде – 24 алтын, 29 күміс және 40 қола жүлде.

Бірінші орынға 147 медальмен (63 алтын, 49 күміс, 35 қола) Қытай құрамасы ие болды. 81 медаль (37 алтын, 16 күміс, 28 қола) еншілеген Өзбекстан екінші орынға жайғасты. Қазақстандық спортшылар жиырмадан астам спорт түрі бойынша бақ сынап, жүлделі орындармен қатар, бірнеше рекорд жаңартты.

Қазақстан құрамасы өз тарихында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 2009 жылы Сингапурда өткен алғашқы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынында небәрі 14 медаль (4 алтын, 6 күміс, 4 қола) болып, жалпы есепте сегізінші орын алған еді. 2013 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жарыста отандастарымыз 13 медаль (1 алтын, 4 күміс, 8 қола) жеңіп алып, 13-орынға табан тіреген болатын.