Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен жолдастық кездесу өткізеді
Хоккей

Сали Сабиров

5-8 қараша күндері Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қыздарымыз Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея құрамаларымен жүлдеге таласады. Александр Тебеньков бастаған команда 30 қазанда оқу-жаттығу жиындарын бастады. Турнирге дайындық барысында ұлттық құрама жарыс қатысушыларының бірі - Қытай командасымен жолдастық кездесу өткізеді. 2 қарашада өтетін матч Борис Александров атындағы мұз сарайында өтіп, сағат 17:00-де басталады.